Алдағы 2 жылда елордада 40 мектеп салынады
«Елорда тұрғындарының орташа жасы 30 жасты құрайды. Жыл сайын қалада 30 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Екі жыл ішінде мемлекеттік-жеке әріптестік қағидатына сәйкес жеке инвестициялар есебінен 30 балабақша салынатын болады. Екі жылда 40 мектеп салуды жоспарлап отырмыз, оның ішінде қазіргі күні жергілікті бюджет есебінен - 11 мектеп, жеке инвестиция есебінен - 4 мектеп. Сондай-ақ,биыл «Жайлы мектеп» жобасы бойынша 24 мектептің құрылысын бастайтын боламыз. Бұл елордадағы оқушы орындары тапшылығы мәселесін толығымен шешуге мүмкіндік береді» – деді қала басшысы.
Ол елордада медициналық кластер қалыптасқанына назар аудартты.
«Сапалы медициналық көмек көрсету үшін Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе 12 жоба жүзеге асырылуда: 2 перинаталды орталық пен тұрғындарға қолжетімді 8 амбулаторлық кешен, медициналық және оңалту орталықтары. Аталған іс-шаралардың барлығы Астана қаласының жаңартылған бас жоспарында және басқа да стратегиялық құжаттарда көзделген», - Жеңіс Қасымбек.