Алдағы 2 жылда мұнай бағасы өзгеріссіз қалады - Sахо банктің бас экономисі
18:57, 27 Мамыр 2010
; АЛМАТЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мұнай бағасы болашақта өседі. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қаржы нарығының жаһандануы. Баламалы инвестицияларды дамытудағы Қазақстанның рөлі» деп аталатын конференцияда айтылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мұнай бағасы қазір 70 доллардан төмен. Біз алдағы 2 жылдың ішінде ол өзгеріссіз қалады деп ойлаймыз. Ал одан кейін ол қымбаттайды», дейді Sахо банктің бас экономисі Дэвид Карсбол. Оның айтуынша, Қазақстан экономикасы шикізат бағасына тәуелді. Жаһандық дағдарыс жағдайында да өзінің даму үрдісін сақтап, Қытайдағы экономикалық өсім Қазақстанға да өз әсерін тигізеді.