Алдағы 3 күнде Астанада 30 градусқа дейін күн суытуы ықтимал

None
АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алдағы 3 күнде Астанада 30 градусқа дейін күн суытуы ықтимал, деп хабарлады Астана әкімінің ресми сайты.

Қазақстанға солтүстік  антициклон әсер етуде. Осыған байланысты таяу күндерде Астанада  күн суытуы ықтимал. Термометр бағамы -30 градусқа дейін  және одан да төмендеуі мүмкін.

«Қазгидромет» РМК-ның  алдын ала  жасаған  болжамы  бойынша, ертең елордада  күн  ашық болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауаның температурасы  түнде  -31-33 градус аязды, күндіз -28 -30 °C-қа дейін салқындықты көрсетеді.  Солтүстік шығыстан  5-10 м/с жел соғады.

12 және 13 желтоқсан күндері де күн ашық болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауаның температурасы  түнде  -28-33  градус аязды,  күндіз -25 -30 °C-қа дейін салқындықты көрсетеді.  Солтүстік шығыстан  2-7 м/с жел соғады.