Қазақстанға солтүстік антициклон әсер етуде. Осыған байланысты таяу күндерде Астанада күн суытуы ықтимал. Термометр бағамы -30 градусқа дейін және одан да төмендеуі мүмкін.
«Қазгидромет» РМК-ның алдын ала жасаған болжамы бойынша, ертең елордада күн ашық болады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Ауаның температурасы түнде -31-33 градус аязды, күндіз -28 -30 °C-қа дейін салқындықты көрсетеді. Солтүстік шығыстан 5-10 м/с жел соғады.
12 және 13 желтоқсан күндері де күн ашық болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауаның температурасы түнде -28-33 градус аязды, күндіз -25 -30 °C-қа дейін салқындықты көрсетеді. Солтүстік шығыстан 2-7 м/с жел соғады.