«Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанады.
27 қаңтарға қарай күндізгі температура жоғарылайды: батыс аймақтарда 0...8 аязға дейін, солтүстік, орталық аймақтарда 7...15 аязға, елдің шығысында 7...20 аязға, оңтүстік аймақтарда 0...10-ға дейін жылы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК болжамында.