Ұлттық банктің басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені көтеру себептеріне арналған брифингіде осындай болжам айтты.
«Әлемдік мұнай нарығында жақын арада Қытайдағы сұраныс перспективаларының жақсаруы, АҚШ-тағы мұнай өндірудің деңгейі және ОПЕК саясаты нарыққа қолдау көрсетеді. Осы жайттарды және халықаралық ұйымдардың болжамдарын ескерсек, мұнайдың бағасы 2023 жылы – 90 доллар болмақ. Кейіннен 2024 жылы бір баррель мұнай 85 долларға және 2025 жылы 79 долларға дейін төмендейді», - деді Ұлттық банк басшысы.
Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің деңгейін 16,75% деп белгілеген болатын.