Қазіргі уақытта «KFC» жедел тамақтандыру орындарының Алматыда - 6, Астанада - 6 нүктесі жұмыс істейді. Ал оларда 500 астам еліміздің азаматтары қызмет етеді.
«Келер жылдан бастап 5 жыл ішінде бүкіл Қазақстан бойынша 60 тамақтандыру нүктесін ашу жоспарлануда. Ал желтоқсанның соңына қарай Астанада «Хан шатыр» кешенінде жедел тамақтандыру жөнінен ТМД аумағындағы жаңа есеп беру нүктесі ашылады», - деді А. Егембердиева.
Оның айтуынша, бүгінге дейін 37 қызметкер Басқарма директоры қызметіне дайын. Олар аталмыш сала бойынша Ресейде, Мысырда және БАӘ-де арнайы 2 айлық курстардан өтіп келген. Ал жалпы қызметкерлердің басым бөлігі студенттер болып отыр. Сонымен бірге, А. Егембердиева жаңа тамақтандыру орындарын ашу қарсаңында жаңа жұмысшыларды қызметке алу қарқынды жүріп жатқанын атап өтті.