Алдағы 50 жылда адамдар Айға қоныстануы тиіс - Стивен Хокинг

АСТАНА. ҚазАқпарат - 50 жылдан кейін адамдар Айда тұруға қауқарлы болады және 2100 жылы Марсты игеруді бастайды. Мұндай қадамдар жасалмаса, адамзат ауыр жағдайға ұшырайды.

Бұл тұжырымды британдық «Channel 4» телеарнасының эфирінде әлемге танымал астрофизик Стивен Хокинг мәлім етті.

Оның пікірінше, біздің планетаның ресурстары таусылуға жақындағанына байланысты Ай мен Марсты игеріп, жаңа әлемдерді отарлау - өмірлік қажетті қадам болып табылады.

Жаңа аумақтар игерілмесе, адамзат құрып кетуі мүмкін. Яғни, осы қатерді дер кезінде байқап, осы тектес шараларға кіріскен жағдайда, осы ғасыр ғарыштық дәуірге айналуы ықтимал, деп жазады Росбалт.