Бұл туралы аталған ведомствоның ресми сайтында жарияланған.
Алқа отырысында «Теңізшевройл» ЖШС мен «KazEnergy» Қауымдастығы басшылығының есептері, сондай-ақ Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаевтың 2012 жылдағы атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен биылға арналған мақсат-міндеттер жайындағы баяндамасы тыңдалады.
Аталған жиынға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары қатысады деп күтілуде.