Алдағы аптадағы ауа райы болжамы

АСТАНА. Маусымның 6-сы. ҚазАқпарат – Республиканың көптеген облыстарында алдағы аптаның басында оқтын-оқтын жауын жауады деп күтілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.Батыста, әсіресе оңтүстік-батыс аумақтарда аптаның алғашқы жартысында жауын жауады, кей жерлерде күн күркірейді, жел күшейе түседі, одан кейін күн ашық болады деп күтілуде. Ауаның температурасы түнде 7-12, кей жерлерде 15 градус жылы болады, одан кейін 12-17 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде 20 градус жылы болады. Күндіз температура құбылмалы болып 20-25 градустан 27-32 градусқа дейін көтеріледі, аптаның аяғында кей жерлерде 35 градус ыстық болады. Солтүстікте аптаның бірінші жартысында кей жерлерде оқтын-оқтын жауын жауады, ұйытқи жел соғып күн күркірейді, басқа күндері жауын-шашынсыз болады. Температураның ауытқуы күтіледі: түнде 8-13 градустан, кей жерлерде 16 градусқа дейін жылы, кей жерлерде 13 градус, күндіз 18-23 градус жылы, кей жерлерде 26 градус, аптаның екінші жартысында ыстық 25-30 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде плюс 33 градус болады.Орталықта аптаның бірінші жартысында күн ала бұлтты болады, кей жерлерде күн күркірейді және күшті жел тұрып жауын жауады. Жауынды күндері түнде температура 7-12 градус, кей жерлерде 15 градус жылы, одан кейін температура 12-17 градусқа дейін көтеріліп, күндіз 18-23 градус, кей жерлерде 28 градус жылы болады, күн ашық күндері температура 28-33 градусқа, кей жерлерде плюс 36 градусқа жетеді.Шығыста бүкіл апта бойы кей жерлерде оқтын-оқтын жауын жауады, күн күркірейді, ұйытқып жел тұрады, тек аптаның аяғы жауын-шашынсыз болады. Температура түнде 5-10, кей жерлерде 15 градус жылы, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 градус жылы, аптаның аяғында 25-30 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде плюс 33 градус болады.Оңтүстікте аптаның бірінші жартысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде оқтын-оқтын жауын жауады, күн күркірейді, жел күшейе түседі, одан кейін күн алабұлттанып, ыстық көтеріледі деп күтілуде. Ауаның температурасы түнде 10-15 градус шамасында, кей жерлерде 18 градус болады, аптаның аяғында температура 15-20 градус жылыға дейін көтеріледі, күндіз 25-30 градус, кей жерлерде 33 градус, күн ашық күндері 30-35 градус ыстық болады.