12:16, 13 Маусым 2009
Алдағы аптадағы ауа райының болжамы - «Қазгидромет» орталығы
АСТАНА. Маусымның 13-і. ҚазАқпарат - Алдағы аптада республиканың басым бөлігінде қысқамерзімдік жауын-шашын болжануда, тек солтүстік пен орталық өңірлерде аспан ашық болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» орталығына сілтеме жасап. Батыста қысқамерзімдік жауын болады, күн күркіреп, апта бойына жел тұруы ықтимал. Ауа температурасы аптаның бірінші жартысында түнде 15-20 градусты, кей жерлерде 25 градусты көрсетсе, күндізгі ауа райы 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін ысиды. Аптаның екінші жартысында ыстықтың беті сәл де болса қайтып, түнгі ауа райы 12-17, кей жерлерде 20 градусты шамаласа, күндіз 23-28, кей жерлерде 33 градусты көрсетеді. Солтүстік өңірде апта бойы аспан ашық болады. Ауа температурасы түнде 7-12 градустан 12-17 градусқа дейінгі аралықты, кей жерлерде 15 градустан 20 градусқа дейін аралықты көрсетеді, күндіз 25-30, кей жерлерде 33 градус ыстық болады. Аптаның екінші жартысында температура 28-33 градусқа, кей жерлерде 37 градусқа дейін ыстиды. Орталық аудандарда күн жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 7-12 градустан 12-17 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде 20-25 градусқа жетеді. Ал күндізгі ауа райы 25-30-дан 30-35 градусқа дейін ысиды, кей жерлерде 35-38 градусқа жетуі ықтимал. Шығыста аптаның басында қысқамерзімдік жауын-шашын болуы мүмкін, қалған күндері аспан ашық болады. Ауа температурасы түнде 7-12, кей жерлерде 15 градусты көрсетеді, аптаның соңына қарай 22 градусқа дейін жетеді. Ал күндізгі ауа райы 22-27-ден 30 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градусқа дейін ысиды. Аптаның соңына қарай күннің ыстығы 28-33 градусқа, кей жерлерде 36 градусқа дейін жетеді. Оңтүстік аймақта аптаның басы мен соңы ғана жауын-шашынды болады, күн күркірейді, жел күшейеді. Аптаның ортасында аспан ашық болады. Түнгі температура 15-20, кей жерлерде 23-28 градустың шамасында болса, күндіз 30-35, кей жерлерде 38 градусқа дейін күн ыстық болады. Жаңбыр жауған күндері ауа температурасы 27-32, кей жерлерде 36 градус шамасында болады.