деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Елдің батысында тамыздың 7-сінде кей жерлерде жауын-шашын болады, жел тұрады, құмды дауыл болуы мүмкін. Тамыздың 8-9-ында құбылмалы ауа райы сақталады және ауаның температурасы төмендейді: түнде 17-23 градустан 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градусқа, күндіз 32-27 градустан 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 35 градус болады.
Солтүстікте аптаның бірінші жартысында жаңбыр жауады, күн күркіреп, жел тұруы ықтимал. Қалған күндері аспан ашық болады. Ауаның температурасы: жаңбырлы кезде түнде 10-15, кей жерлерде 5 градус шамасында болады, ал жауын тоқтағаннан кейін күн біртіндеп жылиды: температура 23-28 градустан 27-32 градусқа дейін көтеріледі.
Орталық аудандарда аптаның бірінші жартысында өткінші жауын-шашын болады, күн күркіреп, жел тұрады. Аптаның басында түнде ауа температурасы 16-21, кей жерлерде 12 градус шамасында болса, күндіз 25-30, кей жерлерде 33 градусты көрсетеді, кейін түнде 8-13 градусқа дейін төмендеп, ал күндіз ауа температурасы 30-35 градусқа дейін қайта көтеріледі.
Елдің шығысында аптаның басым бөлігі жауын-шашынды болады, жел тұрады. Тек аптаның соңына қарай жаңбыр тоқтайды. Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: түнде 12-17-ден 7-12 градусқа дейін, кей жерлерде 20 градустан 15 градусқа дейін төмендесе, күндіз 27-32 градустан 23-28-ге дейін төмендейді. Жауын тоқтағаннан кейін күндізгі температура қайта қызып, 27-32 градусқа, кей жерлерде 35 градусқа жетеді.
Оңтүстікте тамыздың 5-6-сында жекелеген аудандарда өткінші жауын-шашын, батыстан қатты жел соғып, құмды дауыл болуы мүмкін. Түнде ауаның температурасы 20-25 градусқа дейін көтерілсе, күндіз 33-38 градус шамасында болады. Тек жауын-шашын кезінде ғана ыстық 30-35 градусқа дейін төмендейді.