11:39, 28 Наурыз 2009
Алдағы аптаның ауа райы болжамы
АСТАНА. Наурыздың 28-і. ҚазАқпарат – Қазақстанның орталығында наурыздың 30-ынан сәуірдің 2-сі аралығында ауа райы жылы болып, одан кейін күн суытады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.Республиканың батысында аптаның бірінші жартысында күн ашық болып, одан кейін жауын-шашынды болады. Ауаның температурасы 0-5 градус аяздан, 2-7 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде 10 градус жылы, аптаның екінші жартысында 3-8 градусқа дейін төмендейді, күндіз 7-12 градустан, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін жылы, апта соңында 0-5 градусқа дейін, кей жерлерде 10 градусқа жылиды.Солтүстікте апта бойы күн ашық болады деп болжанады, тек аптаның соңында ғана жел күшейіп, оқтын-оқтын жауын жауады. Ауа температурасы түнде 7-12, кей жерлерде 13-18 градус аяз, аптаның ортасында 0-5 градус жылы болады және кезеңнің соңында күн қайта суытып, күндіз 0-5 градустан 5-10 градусқа дейін көтеріледі, одан кейін 0-5 градусқа төмендейді.Орталықта наурыздың 30-ынан бастап сәуірдің 2-сі аралығында күн жылы болып, одан кейін кей жерлерде жауын-шашынды болып, ауа райы бұзылады, жел күшейіп, негізінен жауын-шашынды болады деп күтілуде. Ауа температурасы бірте-бірте көтеріледі: түнде 2-7 градустан, кей жерлерде 13-18 градус аяз, 2-7 градусқа дейін жылы, күндіз 0-5 градустан, кей жерлерде 10 градус, 10-15 градусқа дейін жылы. Тек аптаның соңында ғана жауын-шашынды болып, температура күндіз де және түнде де төмендейді.Шығыста аптаның бірінші жартысында және аптаның ең соңында кей жерлерде қар, жаңбыр жауады. Ауа температурасы төмендейді: 2-7 градустан 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 5 градус аяз, күндіз 0-5 градустан, кей жерлерде 8 градус жылы, 2-7 градусқа дейін аяз, кей жерлерде 0-5, кей жерлерде 8 градус жылы, 2-7 градусқа дейін жылы. Аптаның ең соңында температура түнде 0-5 градусқа көтеріледі, күндіз 10-15 градусқа дейін, кей жерлерде 18 градус жылы болады.Оңтүстікте аптаның басы мен аяғында кей жерлерде жауын-шашынды болады және жел күшейе түседі. Ауа температурасы түнде 3 градус аяздан ? 3 градус жылыдан 3-8 градусқа дейін көтеріледі, күндіз 3-8 градусқа дейін бірте-бірте көтеріледі, кей жерлерде 10-15 градус жылыдан 15-20 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде 25 градус жылы болмақ.