Алдағы бес жылда Астанада жалпы құны 5 млрд. доллардан асатын 11 маңызды жоба жүзеге асады - Үкімет басшысы
Бүгін елордада өтіп жатқан IV Астаналық экономикалық форумы аясындағы ІІ Халықаралық инвестициялық форум жұмысына қатысып, сөз сөйлеген ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов осылай мәлім етті.
«Бүгінгі күні Астанада инфрақұрылым саласында стандарттарды анықтау шаралары жүзеге асыруда. Бұл ретте бизнестік қолдауларға да жол ашылады. Елордада екі арнайы экономикалық аймақ ашылып, инвестиция тартумен айналысуда. Бұдан бөлек, Астанада өмірлік стандарттар да жоғарылап отыр. Ал алдағы бес жылда Астанада құны 5 млрд. доллардан асатын 11 маңызды инвестициялық жоба жүзеге асатын болады. Бұл жобалар инфрақұрылымнан бастап жоғары технологиялық ғарыштық жобаларға дейінгі сектор диапазонының барлығын қамтитын болады», - деді К. Мәсімов.
Сонымен қатар, Үкімет басшысы Астананың қазіргі заманауи инновациялық болашақтың нышаны екендігін атап өтті.