«Біз Қазақстанның автокөлік нарығы мен автомобиль парктерінің жағдайына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізген болатынбыз. Осыған орай, Қазақстанда қазір 3,5 млн. машина қолданыста болса, соның 2 млн. данасының пайдалану мерзімі 17 жылдан жоғары. Ал енді 5 жылдан соң бұлардың қатары 2,5 млн. данаға артады. Бұл негізінен бір жылдары ескі көліктердің елімізге көптеп әкелуінен орын алған болатын. Алдағы уақытта бұл проблема орынды шешілмесе қордалана беруі ықтимал», - дейді А. Рау.
Бұл ретте көліктердің утилизациясына назар аударған вице-министр, осы бағыттағы жүйе әзірленгенін атап өтті. Оның айтуынша, қазір утилизация мәселесіне қатысты екі-үш түрлі жүйе төңірегінде әңгіме болып жатыр. «Мәселен, көлік иесі егер оның мүлкі техникалық байқаудан өтпесе, онда бұл толығымен жойылуы керек. Мұны бюджеттен қарастырамыз ба, әлде өзін-өзі реттейтін жүйе ретінде қарастырамыз ба, сол жағы әлі белгісіз», - деді А. Рау.