Би-би-си хабарлағандай, бұл қытай азаматтарының тұрғылықты жері бойынша тіркелу жүйесін реформалау кезеңдерінің бірі болмақ.
Айта кетейік, аталмыш елде тіркеуге отыру тәртібінің қатаңдатылуына орай қазіргі кезде ауылдық жерлерден қалаларға көшіп келген ондаған миллион жандар үшін бірқатар әлеуметтік салалар қолжетімсіз болып қалып отыр.
Қытай билігі қалалықтар санының артуы экономиканың өсу қарқынын арттырады деп үміттенуде.