Алдағы бір-екі күнде Алматының бірнеше көшелерінде суық су болмайды

АЛМАТЫ. 15 қыркүйек. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Алматы су холдингі су құбырларына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізуіне байланысты қыркүйектің 16-17 аралығында қаладағы бірнеше көше бойындағы үйлерге суық су беруді уақытша тоқтатындығын хабарлайды.

Аталған мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай ертең таңғы сағат 9: 00 ден 20:00-ге дейін Бекмаханов, Шмидт, Урицк, Воровск, Некрасов, Волгоград, Энгельс, Телман, Лермонтов, Зенкевич, Ладожск пен Меңдешев көшелері бойындағы жеке тұрғын үйлерде және Спасск көшесіндегі 2-3 қабатты үйлерде уақытша суық су болмайды.

Ал қыркүйектің 17-сі күні таңғы сағат 9: 00 ден 18:00 аралығында Сәтпаев, Түркебаев, Мыңбаев, Розыбакиев көшелері бойындағы үйлерде суық су уақытша тоқтатылады.

Алматы су холдингі уақытша орын алған келеңсіздік үшін кешірім сұрайды.