Осы күндері Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райын антициклон айқындайды.
Циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен тек батыс аймақтарда және еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды.
Республиканың оңтүстік өңірлерінде шаңды дауыл соғады, жел күшейеді.
Күндізгі уақытта солтүстік-батыс, солтүстікте 36 41°С дейін, шығыста 33 39°С дейін, орталықта 33 41°С дейін, оңтүстікте 37 44°С дейін, оңтүстік-шығыста 30 39°С дейін қатты ыстық сақталады.