Алдағы демалыс күндері, 29-30 қыркүйекте республиканың солтүстік-батыс бөлігінде ауа райы кезекті антициклонның ықпалында болады. Соған байланысты күн бұлтты болып, жауын-шашын жаумайды, түнде жекелеген аудандарда ауаның температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді.
Республиканың оңтүстік-шығысында ауа райы тұрақсыз болады, күн бұлтты болып, жаңбыр жауады, кей аудандарда 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Келесі аптаның басында антициклон республиканың барлық аумақтарын қамтиды.