Алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады деп күтілуде

АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндері Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жел күшейіп, бұрқасын соғуы мүмкін деген ескерту таратты.

«Алтыншы қаршада Қостанай облысында, 6-7 қарашада Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында, 7 қарашада Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің жылдамдығы секундына 18-23 метрге дейін, екпіндей соққанда секундына 28 метрге дейін жетеді, кейбір жерлерде боран болуы ықтимал», - делінген мекеме таратқан ақпаратта.