Қазгидрометтің хабарлауынша, циклон және оған байланысты атмосфералық ағындар оңтүстік облыстардың ауа райына әсерін тигізеді. Демалыс күндері және дүйсенбіде осы өңірде жауын-шашын жауады, яғни жаңбырдың соңы қарға ауысады, тұман түсіп және көктайғақ күтіледі.
Республиканың қалған аумағында жоғары атмосфералық қысымның әсерінен тұман күтіледі және жекелеген аудандарда аздаған қар жауады. Ауаның температурасы төмендейді, бірақ климаттық нормадан 3...6 градусқа жоғары болады.