Мәскеу аудандарынан келетін циклон республиканың батыс және солтүстік аймақтарына ауысып жатыр.
Осыған байланысты аталған өңірлерде жаңбыр мен қар жауады. Ауа температурасы жоғарылайды.
Сондай-ақ жаяу бұрқасын соғып, жел күшейеді.
Ел аумағының қалған бөлігі жоғары қысым аясында болады. Соның салдарынан жауын- шашын жаумайды.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.