«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады. Сондықтан барлық аумақта дерлік жауын-шашынсыз ыстық ауа райы күтіледі.
Алайда кей жерлерде жел күшейеді. Оңтүстік және батыста шаңды дауыл соғады.
Тек бірінші күні атмосфералық фронттардың ықпалымен батыс өңірлерде кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.