Мұндай қолайлы ауа райы антициклонның және оңтүстік-батыс тропосфералық ағындардың ықпалымен орнайды. Республиканың тек шеттегі солтүстік және батыс аудандары атмосфералық фронттардың ықпал ету аймағында болады. Салдарынан кей жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді, алайда ауа температурасы климаттық нормадан жоғары күйінше сақталады.
15:31, 28 Қыркүйек 2018
Алдағы демалыста жаймашуақ ауа райы сақталады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Демалыс күндері және қыркүйектің соңғы күндері Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз және бұл маусымға қалыпты температурадан 2...5° С жоғары ауа райы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.