Қарағанды облысынан 150 миллион теңгенің 839 тонна ауыл шаруашылық өнімі әкелінеді. Жәрмеңкеде аталған аймақта шығарылған өнімдер сатылады. Атап айтқанда, ет (65,5 тоннаға жуық), балық (9 тоннаға жуық), сүт өнімдері (17,5 тоннаға жуық), жұмыртқа (500 мың дана), картоп (450 тоннаға жуық), көкөніс (250 тоннаға жуық), шұжық өнімдері (8 тоннаға жуық) және басқа да өнімдер (39 тоннаға жуық).
Бұдан басқа, бағалар нарықтық бағадан 10-20% және бөлшек сатуда 10-65% төмен болады. Жәрмеңке кезінде 83 сауда орны ашылып, мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін ұлттық аспаздық пен тәтті-дәмділер ұсынылады, этно-ауыл құрылады.
Еске салайық, Қазақстанның өңірлерінен әкелінген өнімдер сатылатын осындай жәрмеңкелерді жыл сайын өткізу дәстүрге айналған. Өнімдер Астана базарларында қалыптасқан орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінен басқа халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдары ұсынылады.