«Ауылдық жерлердегі интернетті дамыту бағдарламасы бойынша BLL, SDMA-450 жүйесі технологияларын енгізуді одан әрі жоспарлап отырмыз. Келесі жылдың қаңтарында бұл технология Қостанай облысында жүзеге асса, жалпы 2011-2012 жылдардың ішінде барлық облыс аймақтары сондай технологиямен қамтылады. Нәтижесінде ауыл тұрғындары да кең жолақты интернетті пайдалана алатын болады», - деді А. Жұмағалиев.
Сонымен қатар, интернеттің қазақстандық контентін дамыту мәселесіне тоқталған ведомство басшысы, министрліктің бастамасымен әлеуметтік сайттар үшін тегін хостинг беріліп отырғанын атап өтті. Бұндай сайттың саны 24-ке жеткен. Бұл жұмыс та жалғасатын болады. Бұдан бөлек, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары үшін де интернет-журналистика курстары өткізіліп, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінде Электрондық журналистика факультеті ашылған. «Электрондық коммерцияны дамыту мақсатында интернет қауымдастығымен бірлескен іс-шараларды бекітіп, жұмыс жасаудамыз. Сонымен бірге, мемлекеттік тілде контентті дамыту мақсатында жаңа порталдар ашылуда. Жаңа интернет ресурстарын ашуды алда да жалғастыратын боламыз», - деді министр.