Мәселен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ләззат Қиыновтың айтуынша, алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады. Ал Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Ел мұнайшылары бұл көрсеткішті одан арғы жылдары тағы 51 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, құрлық пен теңізде геологиялық барлау жұмыстары күшейтіледі. Мұнай және газ тасымалдаудың икемді тәсілі таңдалады. Осылайша, стартегиялық маңызы зор салада бірқатар ауқымды шаралар қолға алынғалы отыр.
16:48, 14 Қаңтар 2013
Алдағы екі жылда Қашаған кен орнынан жылына 13 миллион тонна мұнай өндірілетін болады
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кен орындарында өндіріліп жатқан мұнай шикізаты мен газ конденсатының көлемі 21,1 миллион тоннадан 35,4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Бұл туралы «ҚазМұнайГаз» ҰК» сайтында хабарланған.