«Жалпы, біздің Ұлттық құрама командалардың негізгі резерві еліміздің аймақтарда шоғырланған. Сондықтан да ең басты міндет - аймақтарды ретке келтіру. Сол мақсатта біздің конфедерация мен жергілікті облыстық әкімдіктер арасында меморандум жасалды. Меморандумға сәйкес, біз Шығыс Қазақстан облысы бойынша Семей қаласында, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Түркістан қаласында арнайы әмбебап дене шынықтыру бойынша сауықтыру кешендерін салған болатынбыз. Қазіргі таңда жергілікті әкімдікпен бірлесіп, дәл осындай кешен Қызылорда облысында салынып жатыр», - деді ол
Оның сөзіне қарағанда, Петропавл қаласындағы мектеп-интернат күрделі жөндеуден өткізілді. Яғни, облыстағы мектеп-интернаттың бокс, күрес, ауыр атлетика залдары жөндеу жұмыстарымен қатар, тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Конфередерация жұмысы сегіз бағыт бойынша жүзеге асырылып отырғандығына тоқталған Ж.Әзбергенов, «2014-2016 жылдары біздің конфедерацияға кіретін спорт түрлерін дамыту жөніндегі арнайы бағдарлама әзірледік және ол бағдарлама ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бекітілді. Қазір сол бағдарламаны жүзеге асыру шаралары атқарылуда», - деді. Атап айтқанда алдағы екі жылда Ұлттық құрама командалардың жағдайын жасауға, сондай-ақ олардың оқу-жаттығу үдерісін жетілдіруге негізделген жұмыстар іске асырылады.