Алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы - еліміздің жаңа тарихындағы заманалық маңызы бар оқиға- Қ.Саудабаев

АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - Алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы - еліміздің жаңа тарихындағы заманалық маңызы бар оқиға. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ақордада өткен кеңес барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев мәлім етті.

ҚазАқпарат «Тәуелсіздіктің 20 жылдығын өткізу жөніндегі тұжырымдама мен іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев баяндамасының негізгі қағидаларын назарларыңызға ұсынады.

Естеріңізге сала кетейік, кеңес 28 қаңтар күні өткен болатын.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті кеңеске қатысушы қауым!

Тәуелсіздік еліміз үшін, әрбір қазақстадық үшін үлкен маңызға ие. Тәуелсіздік алған кезден бастап тұрақтылық пен жасампаздық арқылы сипатталатын біздің тарихиымыздың жаңа парағы басталады.

Егемендік арқылы біз тәуелсіз мемлекет құра алдық, болашаққа деген сенім, нығаю мен халық бірлігі факторлары пайда болды.

Жыл өткен сайын біз мемлекетіміздің азаттығы барлық жетістіктеріміздің берік негізі бола білгенін түсінеміз. Қазақстан өмірдің барлық саласында ірі реформаларды ойдағыдай жүзеге асырған, қабілетті мемлекетке айналды.

Алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы - еліміздің жаңа тарихындағы заманалық маңызы бар оқиға. Бұл - Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен егемендік жылдары әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуында тамаша жетістіктерге қол жеткізген бүкіл халық пен барша Қазақстанның ортақ мерекесі.

Азаттықтың 20 жылдығы тарихымыздың алтын кезеңі болды деп айтуға бүгінде толық негіз бар. Тарихи өлшеммен алып қарағандағы осы аз ғана жылдар ішінде бұрынғы кеңестік республикалардың ешқайсысына белгісіз болып, өмір сүруінің өзі күмән тудырған Қазақстан аты әйгілі, өзін мойындатқан және құрметті аймақтық державаға айналды, ал Президентіміз адамзат тарихының жаңа қадамын анықтап отырған әлемдік көшбасшылардың қатарына қосылды.

Біз сондай-ақ қазақстандықтар өз мемлекетінің мерейтойын өздерінің болашағына және балаларының болашығына деген сеніммен қарсы алғалы отыр деп айта аламыз.

Біз алдағы қадамдарымызды анық баса аламыз, мемлекетіміздің қуатын нығайту мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған салыстырмалы жоспарымыз бар.

Сондықтан алдағы мереке -аймақ пен геосаясатта маңызды тұрақтандыру рөлін атқарып отырған, өзіне деген сенімі мол, мықты мемлекет - Қазақстан Республикасын қазақстандықтар мен барша әлемге таныта алатын бірегей мүмкіндік.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті кеңеске қатысушы қауым!

Осы оқиғаға аса зор мән бере отырып, мемлекеттік органдар былтырғы жылы қажетті дайындық жұмыстарын жүргізді.

Бірыңғай алгоритммен қамтамасыз ету мақсатында алдағы жұмыстардың негізгі идеологиялық бағыттарын көрсететін Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту Тұжырымдамасы әзірленген болатын.

Мемлекеттілікті, Қазақстан халықтарының бірлігі мен тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім негізіндегі құндылықтарды одан әрі нығайту Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлаудағы негізгі мақсат болуы керек деп есептейміз.

Тәуелсіздіктің 20 жылы - жетістіктерімізді ұғыну мен болашаққа деген міндеттерімізді айқындау мүмкіндігі. Мерейтойды атап өту мемлекеттілік пен патриоттықты нығайтуға себепші болуы керек. Бұл мерейтойды экономикада, әлеуметтік салада, ғылым мен мәдениетте жаңа үміттермен қарсы алған дұрыс.

Осы тарихи оқиғаны атап өту аясында негізгі жетістігі сауатты мемлекеттік саясат, азаматтық бейбіт өмір мен ұлтаралық келісім болған Қазақстанды мықты, қарқынды даму үстіндегі және әлем мойындаған ел ретінде таныту міндетін мойнымызға алдық. Қоғам арасында өз тарихына деген құрметтік қарым-қатынас пен патриоттық рухты нығайту, мемлекетіміздің болашағы үшін жалпыға ортақ жауапкершілікті сезінуді қалыптастыру өте маңызды.

Соңғы нәтижесінде, еліміздің әрбір азаматы мерейтойлық іс-шараларға белсене ат салысуы керек.

Мерейтойды атап өту Тұжырымдамасын орындауда Тәуелсіздіктің 20 жылдығын атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары дайындалды. Ол мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, толықтай қаржыландырылды.

Жоспарда жылдың әрбір айы өзінің тақырыптық бағытына арналатын негізгі бағдарлама көрсетілген.

Қаңтарда Азиада басталады. Бұл ай спортқа, соңғы 20 жылдағы қазақ спортының жетістіктерін еліміз бен шетелдерге кеңінен таныстыруға арналды.

Ақпан айы Қазақстанның жоғарғы халықаралық беделіне арналатын болады. Қоғам назары еліміздің сыртқы саясаттағы бастамалары мен жетістіктеріне, әлемің барлық елдерімен достық қарым-қатынас нығайтудағы бастамаларына аударылады.

Наурыз айында өткізілетін іс-шаралардың негізгі тақырыбы - ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы құндылықтарына деген құрмет тақырыптарына арналмақ. «Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі», «Ел қазынасы», «Тәуелсіздік құрдастары» сияқты осындай іс-шаралар аясында елді мекендерді аббаттандыру, тарихи-мәдени мұраларды танымал ету, өмірлік және отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастар арасында патриоттық рұхты қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар өткізіледі.

Сәуір айында мерекелік шаралардың жалғасы инновациялық-индустирялық даму тақырыбымен жалғасады. Бір ай бойы елді реформалау мен экономиканы әртараптандырудағы ғылым мен жаңа технологиялардың алатын орнына, рөліне баса назар аударылады.

Мамыр айында бірлік пен тағаттылық тақырыбына арнаған іс-шаралар өтеді. Біз Қазақстан халықтарының Бірлік күнін, Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнін кең көлемде атап өтетін боламыз.

Ал маусым айындағы іс-шаралардың басты тақырыбы патриоттық болмақ. Республика бойынша патриоттық акциялар, ойындар мен әртүрлі байқаулар өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Астана қаласы мемлекет тәуелсіздігінің, оның болашаққа деген талпынысының символы болып табылатындықтан, шілде айы Қазақстанның елордасына арналады.

Тамыз айы Тәуелсіз Қазақстанның Конституциясы деген ұранмен өтеді. Бір ай көлемінде Тәуелсіздігіміздің құқықтық негіздеріне арналған әртүрлі іс-шаралар өтеді.

Ал қыркүйек айы Білім күнін атап өтуден басталып білім беру, мәдениет, тілдер, қазақстандық қоғамдағы рухани келісімдер мәселелеріне арналатын болады.

Қазан айында ауыл жағдайына баса назар салатын боламыз. Біз ауыл шаруашылық жылын қорытындылап, агроөнеркәсіптік кешендегі жобаларға ерекше көңіл бөлеміз.

Қараша айы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына арналып, Ұлттық валюта күнін тойлаудан басталады. Ал қорытынды кезеңде (26 қарашадан бастап 15 желтоқсанға дейінгі аралық) Қазақтан тәуелсіздігінің негізгі жетістіктерінен сыр шертетін «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» деген ұранмен жиырма күндік іс-шара өтетін болады.

Осы іс-шара аясында басты назар негізгі құндылықтарымыз бен тәуелсіздік жетістіктеріне салынып, сондай-ақ әрбір күні осы тақырыптарға арналмақ.

Атап айтқанда, бұл күндер мемлекеттік рәміздерге, Қазақстан шекарасына, Коституциясына, ядролық қарусыз әлем құру жөніндегі мемлекет бастамаларына, халық бірлігі мен азаматтық қоғам институтына, ұрпақ сабақтастығы мен жастарға, спорт, ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, ұлттық валюта, тұрғын үй құрылысы, агрларлық салаларына, Қазақстанның елордасына, білім беру мен азаматтардың денсаулығына арналады деп көзделіп отыр.

Шарықтау кезеңнің соңғы күндері индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына, мемлекеттік тіл, сонымен қатар Тәуелсіздік мұраты мен құндылықтарына арналатын болады.

Осылайша егемендіктің 20 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алуға деген дайындық бірнеше жылдар ішінде жүргізіліп келеді. Cәйкес жоспар әзірленіп, жаңа ғана Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов баяндап өткендей, орталықтар мен әрбір жердегі басшылар өз қызметтерін жақсы біліп отыр.

Ал мен еліміздің 20 жылдық мерекесі бірліктің, ынтымақтың, жасампаздық пен бүгінгі күні өзінің жақсы өмір сүруін тек Елбасының атымен байланыстырып отырған отандастар үмітінің мерекесі ретінде атап өтуге мүмкіндік береді деген оймен, өз тарапымнен бірқатар ұсыныстар айтқым келеді.

Бұл жұмыста мен екі негізді өлшемді көріп отырмын, яғни ішкі саясат және сыртқы саясат өлшемдері.

Ел ішінде әрбір отбасы, әрбір шаңырақ, әрбір көше, әрбір ауыл, әрбір қала мен әрбір облыс мерекеге дайындала отырып, өз жетістіктеріне, артта қалған жылдарға көз салуымен қатар, өздерін ретке келтіріп, болашаққа деген жоспар құруына қол жеткізуіміз керек. Бұл ретте Сіз, Нұрсұлтан Әбішұлы халыққа үміт беріп бастаған бастама «Жол картасы» үміттерді ақтады.

Нақты жоспар бойынша әлеуметтік маңызды жобаларды толық және уақтылы жүзеге асыру керек. Біз ескіні де ұмытпауымыз керек, ескі деген сөз, жаман деген сөз емес: ең жақсы сыйлық - екпінді еңбек, барша қазақстандықтар осыны түсінулері керек.

Тойлаудың мәдени-рухани мазмұнына да үлкен назар аударылатын болады. Фестивальдер, байқаулар, конференциялар ұйымдастырылады; бұқаралық ақпарат құралдарында арнайы айдарлар ашылады. Бұл бағыттағы жұмыстың маңызды бір бөлігі - Байланыс және ақпарат министрлігінің «Қазақстан -көршілердің көзімен» атты жобасы болмақ, әзірге бұл шартты атау, бұл жоба еліміздің толайым табыстарын қазақстандықтардың арасында кеңінен нығайтуға мүмкіндік береді.

Мерейтой жылындағы негізгі іс-шаралардың қатары осының бәрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Солардың негізгісі - бүгін өзіңіз Паламентте жасаған дәстүрлі Қазақстан халқына Жолдауыңыз.

Мерейтой жылында жоспарланып отырған шаралардың қатарында сондай-ақ Азиада ойындары, «Нұр Отан» партиясының ХІІІ кезектен тыс съезі, Әйелдер съезі, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы, Халықтар бірлігі күні және оның аясында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы, Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күні, Қазақтардың құрылтайы, Мемлекеттік рәміздер күні сияқты шаралар бар.

Жылдың екінші жартысы Қала күнін тойлайдан басталады. Одан кейін Конституция күні, V Азаматтық форум, Қаржыгерлер конгресі және ең басты шара - «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» деп аталатын «жиырма күндік» шара.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 20 жылдығын тойлау Қазақстанның ғана, тек қазақстандықтардың ғана мерекесі болып қалмауы үшін сыртқы жақта да нақты, мақсатты жұмыстар жүргізілуі керек.

Осы бағыттағы шаралар, яғни төңірегінде ақпараттық-имидждік жұмыстар жүргізілетін шаралар - мамыр айындағы 4-Астана экономикалық форумы, маусым айындағы ШЫҰ саммиті, маусым айында өтетін Дүниежүзілік исламдық экономикалық форум мен Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-кеңесі, шілде айында тойланатын Елорда күні, тамыз және қыркүйек айында атап өтілетін Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 20 жылдығы, және желтоқсан айында тойланатын Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерекесі болып табылады. Наурыз айында Мысырда өтетін ИКҰ 12-ші саммитін де айта кету керек. Онда біздің Елбасының сөз сөйлеуі жоспарланған. Оған қоса, шетелдерде Қазақстанның жетістіктерін кеңінен таныстыратын кешенді ақпараттық-насихаттар іс-шаралар, атап айтқанда халықаралық конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстел» отырыстары, таныстырылымдар, т.б. шаралар өткізілмек.

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Құрметті әріптестер!

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы - бұл тарихи оқиға. Осыған орай, осынау атаулы оқиғаны өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары еліміздің бүкіл қоғамдық-саяси тіршілігіне серпін береді.

Негізгі міндет - біздің жоспарларымыз бен тілек-ниеттерімізді нақты жетістіктерге ұластыру. Ең бастысы, Қазақстанның Тәуелсіздік мерекесінің 20 жылдығы - біздің экономикалық әлеуетімізді, артып отырған мүмкіндіктерімізді, қазақ халқының рух бірлігін паш ету болып отырады.

Қадірлі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Бүгін, Сіздің тарихи Жолдауыңыздан кейін, еліміз тек ағымдағы жылға ғана емес, алдағы онжылдыққа дамудың нақты бағыт-бағдарына, айтулы міндеттеріне ие болды.

Қазақстан халқына Жолдауыңызда Сіз экономиканы әрі қарай дамытудың, индустрияландырудың, жаңа әлеуметтік саясат пен құқықтық реформаның нақты міндеттерін баян еттіңіз. Сіз міндеттеген стратегиялық бағдарлар мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін береді, қазақстандықтардың өздеріне деген сенімдерін нығайтады деп сенемін.

Осынау сенім ел болашағына, Елбасына деген сенім біздің халқымызға Тәуелсіздіктің жиырма жылы бойы дем беріп келді. Міне, сондықтан да Қазақстан сайлаушыларының жартысынан астамы Сіздің президенттік өкілеттігіңізді 2020 жылға дейін ұзарту туралы бастамаға өз қолдарын қойды.

Қазақстан азаматтары, Тәуелсіздіктің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында референдум өткізу идеясын көтере отырып, нәтижеге бағытталған саяси прагматизм идеологиясын ұстанып отыр. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктері Елбасының бірегей ролінің арқасында мүмкін болып отырғанын қоғам түсініп отыр. Сондықтан да халық, Сіз жүргізіп отырған стратегиялық даму бағытының алдағы жылдары да сақталғанын қалайды. Референдум барша қазақстандықтардың тұрмысын жаңартуға және жақсартуға жағдай жасайды, Қазақстанның тәуелсіздігі нығая түседі.

Мүмкіндікті пайдалана отырып, тағы бір мәселеге тоқталғым келеді. 45 жылда балықшылар деревнясынан жалпы ішкі өнімі жан басына шаққанда әлемдегі ең жоғары мемлекет-қалаға айналған Сингапурдың тарихы баршаға аян. Сингапурдың тәлімгер-министрі Ли Куан Ю мырза өзінің жаңа кітабында («Суровые правды ради дальнейшего прогресса Сингапура») айтқан мына бір пікірі біз үшін тағлымды болады деп ойлаймын. Өскелең ұрпаққа арнаған мына бір сөзінде ол: «Біз әлі қалыптасу жолындағы мемлекетпіз. Табысқа жетеміз бе? Мақсатқа қол жеткізетіндігімізге мен сенемін бе? Мен олай деп айта алмаймын. Жол-жөнекей бұрыс кетіп, біз тығырыққа тірелуіміз мүмкін. Сондықтан да, біздің ізімізбен келе жатқан өскелең ұрпақтың міндеті - біздің қоғамның осал жерлері мен нәзік тұстарын түсіну және тағаттылықты, бір-бірімізді қабылдауды сақтай отырып, қазіргідей бірлікті сақтап қалу», - дейді.

100 пайыз ұқсас болмасақ та, бүгінде Елбасының басшылығымен Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға дайындалып отырған кезімізде, Сингапур ғажайыбының атасы атанған осы бір адамның сөзінің бізге де қатысты тұстары бар. Дәлірек айтқанда, біздің Тұңғыш Президентіміз ұсынып отырған Қазақстанның стратегиялық даму жоспарының бірізділігі мен мақсаттылығы және халықтың өзіміздің, қазақстандық ғажайыбымыздың авторы атанып отырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне жиналу қажеттілігі.

Сондықтан да Тәуелсіздіктің 20 жылдығын лайықты тойлаумен қатар, халқымыз үшін қажетті Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдумды өткізудің де тарихи тұрғыдан да, стратегиялық тұрғыдан да әділ болатындығына сенімдімін.

Назарларыңызға рахмет!