Бірақ бүгіннің өзінде-ақ Батыс Сібір аудандарынан жылжып келе жатқан, арктикалық суық лептің ықпалынан температура төмендей бастайды, сондай-ақ қар, тұман, көктайғақ түріндегі жауын-шашын болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Демалыс күндері де осындай ауа райы сақталады. Ал дүйсенбіде Скандинавияның солтүстік аудандарында қалыптасқан, суық антициклон республика аумағына енеді, жауын-шашын азайып, температура 2-7º-қа дейін төмендеп, түнгі сағаттарда кей жерлерде 10-15º-қа дейін аяз болады. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік-шығыс облыстарындағы ауа райының, осы кезеңдегі республиканың солтүстік жартысындағы ауа райынан тіпті өзгешелігі жоқ.