«Баренц теңізі аймағындағы суық атмосфералық ағындармен бірге Қазақстанға арктикалық ауа массалары ауысады. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, алдағы үш тәулікте күн суытып, қалыпты нормадан 3.....8°С төмен болады. Сондай-ақ, жауын-шашын, қар, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Солтүстік-батыс бағыттан жел есіп, түнгі ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді. Кей жерлерде 20° аяз болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында.
13:46, 07 Қараша 2018
Алдағы күндері 20 градусқа дейін аяз болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.