Алдағы күндері Алматы облысында сел жүруі мүмкін - Қазгидромет
16:46, 10 Шілде 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Алматы облысына қатысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Синоптиктердің алдағы күндері сел жүруі қаупі бар деп болжайды. «Алдағы екі тәулікте 11-12 шілдеде жоғары температуралық фонға байланысты Алматы облысының тауларында сел жүру қауіпі бар», - делінген хабарламада.