«Қазгидромет» РМК хабарлауынша, 22 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз қарлы боран болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 18-20°С, күндіз 15-17°С суық болады.
Синоптиктердің болжамынша, 23 қаңтарда Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде аздап қар жауады, боран соғып, түнде желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады. Ауа температурасы түнде және күндіз -22-24°С суық болады, күндіз ауа температурасы төмендейді деп күтілуде.
24 қаңтарда күндіз ауа температурасы 26-28°С болса, түнде -32-34°С аяз тұрады. Көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 9-14 м/с жетеді.