Жұмыс аптасының екінші жартысында көшпелі бұлт шығады. Мамандардың хабарлауынша, алдағы күндері өткінші жаңбыр жаууы ықтимал.
«Бейсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15 м/с жел соғады. Ауа температура түнде 15- 17°C, күндіз 26- 28°C болады», - деп хабарлады Қазгидрометтен. Жұма күні елордада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 15- 17°C, күндіз 26- 28°C.
Сенбі күні көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады. Шығыстан 7-12 м/с жылдамдықпен, кей жерлерде екпіні 15-18 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 15- 17°C, күндіз 24- 26°C болады.