Елордада талапкерлерді кешенді тестілеу шілде айының 18-23 аралығында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Қазақ ГЗУ-да өтікізіледі.
Еске сала кетейік, кешенді тестілеу талапкердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілінде 4 пән бойынша тапсырылады: қазақ немесе орыс тілі (оқыған тілі бойынша), Қазақстан тарихы, математика және таңдаған пән.
ҰБТ кезінде тест тапсырушыларға 3,5 сағат берілсе, кешенді тестілеу 2,5 сағатқа созылады. Тестілеу әр пән бойынша 25 сұрақтан тұрады. Жалпы сұрақтар саны - 100. Жоғары оқу орындарына түсу үшін талапкер 70 баллдан жоғары жинауы тиіс.