Скандинавияда қалыптастан циклон бірінен соң бірі Орал және Батыс Сібір арқылы жылжиды. Бірақ осы циклондармен байланысты фронттар Қазақстанның ауа райына да әсер ететін болады. Сондықтан алдағы үш тәулікте республиканың барлық дерлік аумағында жауын-шашынды, бұлтты ауа райы күтіледі, жаңбыр соңы жабысқақ қарға ұласады, көктайғақ болады.
Кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, ал солтүстік облыстарда боран соғып, температураның төмендеуі күтіледі, ол 12 қарашада күн райының жылуымен алмасады.