Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде күн суытады - Қазгидромет
08:32, 29 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 29-31 қазан аралығында еліміздің батысынан шығысына ауысатын циклон жауын-шашын, кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің көшеюін тудырады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
31 қазанда антициклонның әсерінен түнгі температура республиканың батысында және солтүстік-батысында -3 -11 оС дейін, солтүстікте, шығыста және орталықта 0 -8 оС дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +3 +8 оС дейін, кей жерлерде 0,-5 оС төмендейді, күндіз республиканың солтүстік бөлігінде температуралық фон 0,+5 оС құрайды, оңтүстік бөлікте +7+15 оС дейін төмендейді.