«Алдағы тәуліктерде Қазақстанның солтүстік, орталық, оңтүстік-шығыс аудандарында осындай ауа райы сақталады, ал республиканың батысында, оңтүстігінде және шығысында жауын-шашын аздау болады, температура нормадан 1-3 градусқа төмен болады», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Облыстардың басым бөлігі 10, 11 маусымда ауа ағындарының ықпалында болады. Сондықтан жер-жерлерде күн күркіреп, өткінші жауын жаууы ықтимал. Республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтілуде.