Синоптиктердің мәлімдеуінше, суық атмосфералық ағындар әкелген белсенді циклон республиканың батыс, орталық және солтүстік облыстарында ауа температурасының төмендеуіне, жауын-шашын, екпінді жел, кей жерлерде бұрқасын соғуына ықпал еткен.
«Қазақстанның оңтүстігінде де күн суытып, жаңбыр жауып, арты қарға ұласты. Алдағы тәулікте циклон шығыс бағытта жылжиды, еліміздің оңтүстік-шығыс және шығысында жауын-шашын – жаңбыр, қар, екпінді жел күтіледі. Сондықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы 0-ден төмен болады, солтүстік жартысында түнде минус 2…10°С, оңтүстігінде 0…8°С, бұл көрсеткіш орташа көпжылдық нормадан 3…6°С төмен», делінген хабарламада.