Тағы бір циклон Каспий теңізінің оңтүстігінде қалыптасады, ол республиканың оңтүстік облыстары арқылы шығысқа ауысатын болады.
Циклонның алдыңғы бөлігінен осы аумаққа Иран аудандарынан жылы ауа келеді, ол оңтүстікте және оңтүстік-шығыста күндізгі температураның 25-33º дейін, шығыста 20-28º дейін көтерілуіне әкеп соғады. Жұма және сенбі күндері оңтүстікте¸ сенбі күні күндіз Қазақстанның шығысында осы циклонның әсерінен өткінші жаңбыр жаууы мүмкін.