Бұл туралы аstana.kz сайтына «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Алдағы күндері көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы 0 5°C, күндіз 2 11°C болады.
«Дүйсенбі күні Астанада күн ала бұлтты болады, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз оның екпіні 15-18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 3 5°C, күндіз 9 11°C болады», - делінген хабарламада.
Сейсенбі күні елордада көшпелі бұлт шығады, аздап жауын-шашынды болады. Солтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей жерлерде екпіні 18 м/с жетеді. Түнде ауа температурасы 2 4°C, күндіз 4 6°C болады.
Сәрсенбі күні Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынды, сондай-ақ солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Түнде ауа температурасы 0 2°C, күндіз 3 5°C болады.