Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы бірнеше күнде Қазақстанның басым бөлігінде аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, 26 шілдеде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

Оралда 26 шілдеде найзағай ойнап, бұршақ жауаы.

Күндіз 26 шілдеде Қарағанды облысының оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, 35 градус ыстық болады. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

26 шілдеде күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде нқсер жауын жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады.

Ақтөбеде 26 шілдеде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 16 м/с болады.

26 шілдеде күндіз Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында 40-42 градус ыстық болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Түркістанда 26 шілдеде күндіз 40-42 градус ыстық болады.

26 шілдеде күндіз Ақмола облысының батысында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с болады.

26 шілдеде түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз 40 градус ыстық болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылордада 26 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

26 шілдеде күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус ыстық болады.

26 шілдеде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел cолтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус ыстық болады. Облысының орталығында, оңтүстігінде төтінше өрт қаупі сақталады.

Қостанайда 26 шілдеде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел cолтүстік-батысқа ауысады найзағай кезінде 15-20 м/с.

26 шілдеде Абай облысының оңтүстігінде жел солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

Күндіз 27 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. 25-27 шілдеде солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі. Күндіз 27 шілдеде облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде 42 градус ыстық болады. 25-27 шілдеде облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Таразда күндіз 27 шілдеде 40 градус ыстық болады. 25-27 шілдеде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 24-28 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде 40-43 градус өте қатты ыстық болады. Күндіз 24-28 шілдеде Конаев қаласында 40-43 градус өте қатты ыстық болады.

Күндіз 24-28 шілдеде Алматыда 36-38 градус ыстық.

Күндіз 24-26 шілдеде Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында 41-43 градус өте қатты ыстық.

Талдықорғанда 24-26 шілдеде күндіз 36-38 градус ыстық.

Күндіз 24-26 шілдеде Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде 44 градус өте қатты ыстық болады.

Таразда күндіз 25-26 шілдеде 41-43 градусқа дейін өте қатты ыстық болады.

23-26 шілдеде Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласының маңайында төтенше өрт қаупі сақталады.