Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 10-12 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады.

«Республикамыздың батысына жайғасқан циклон, жақын күндері батыс, солтүстік және орталық облыстарда қысқа мерзімді нөсер шақырады. Оның солтүстік-шығысқа жылжуына орай, Карск теңізі аумағынан ығысқан ылғалды және суық ауа 11-12 шілде күндері солтүстікте, 12 шілдеде орталық және шығыста жаңбыр күтіледі. Кей жерлерде 15-25 м/с жел тұрып, жекелеген аудандарға бұршақ түсуі мүмкін. Температура әдеттегіден 2-5º төмен болады. Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына жақын арадағы екі күнде күндіз 33-38º, кей жерлерде 40-42º ыстық ауа райы сақталады. Тек 12 шілде күні аздаған жаңбыр жауып, ыстықтың беті аздап қайтады», - деп жазылған хабарламада.