«Алдағы үш тәулікте циклонның және онымен байланысты атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның көбіне оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр. Оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында 7 мамырда мол жауын-шашын түсуі ықтимал. Республиканың қалған бөлігі жоғары атмосфералық қысым алаңында болады. Сондықтан мұнда жауын-шашынның түсуі екіталай. Бірақ 7 мамырда Қазақстанның солтүстік облыстарына Орталық Уралдан (РФ) атмосфералық ағын ауып барады. Онымен бірге бұл аудандардың кей жерлерінде найзағайлы өткінші жаңбырлар жаумақ», - делінген хабарламада.
16:32, 05 Мамыр 2016
Алдағы күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5-7 мамыр күндері Қазақстанның оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіліп отыр, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.