Алдағы күндері оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, солтүстікте боран соғады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12-14 қараша аралығында ел аймақтарында жауынды-шашынды ауа райы күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ресейдің Еуропа аумағында орналасқан терең циклон және Орталық Азиядағы циклон біртіндеп Қазақстанға қарай жылжиды. Салдарынан ел аумақтарында жаңбыр, жабысқақ қар жауып, көктайғақ болады, 15-25 м/с жылдамдықпен екпінді жел соғады, солүстік облыстарда боран соғады. Ал солтүстік және шығыс облыстарда қар жауады.