ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстанның Түркиядағы мәдениет күндеріне қазақ өнерінің дарынды тумалары, өнер төрінде орнын тапқан жерлестеріміз қатысады. Сондай-ақ көшпенді халықтың асыл бұйымдарымен, Алтын Адам және қазіргі қазақтың зергерлік ісінің жетістіктерімен таныстыру үшін көлемді көрме ұйымдастырылады.
10 қазанда - «Ежелгі көшпенділер алтыны және Қазақстанның зергерлік өнері» көрмесінің ашылуы (Ыстамбұл қаласының археология мұражайы).
12 қазанда - Қазақстан өнер шеберлерінің салтанатты концерті өтеді.Салтанатты концертке Құрманғазы атындағы мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі, «Гүлдер» би ансамблі, К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының камералық оркестрі, «Ұлытау» тобы қатысады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткерлер Талғат Мұсабаев, Азамат Жылтыркөзов, Мәдина Басбаева сынды қазақ өнерінің саңлақтары Ыстамбұл сахнасында өнер көрсетеді.