Осыған орай бүгін елордада баспасөз мәслихаты өтіп, оған аталған компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрмені ұйымдастыратын компаниялар өкілдерінің айтуынша, онда жылыжай шаруашылықтары, көкөніс өсіру және оны сақтау, тамшылатып суғару, органикалық диқаншылық, мал, құс шаруашылығы сияқты тақырыптар қамтылмақ.
«Осы көрме өтетін алаң ретінде Алматы қаласы кездейсоқ таңдалған жоқ. Бұл экспо-шараның тақырыптың бағыттарына байланысты. Жоғарыда аталған ауыл шаруашылығы бағыттарының Қазақстанның оңтүстігі үшін өте өзекті, соған орай көрме табысты өтеді деп сенеміз», деді «AgroWord Kazakhstan» көрмесінің менеджері Анна Бычкова.
Қазіргі уақытта бұл көрмеге қатысуға бірқатар израилдік компаниялар қызығушылық танытқан. Олар еліміздің агроиндустриясының ең өзекті даму бағыттарының бірі тамшылатып суғару және жылыжай шаруашылықтары саласына қажетті озық технологиялары мен құрал-жабдықтарын таныстыруды жоспарлап отыр,
Көрмені екі ірі компанияның өткізуі іс-шараның ауқымды болуына өз ықпалын тигізеді. Шараның іскерлік бағдарламасы өте тартымды және қызықты жоспарлануда. «AgroWord Kazakhstan» көрмесі жыл сайын әлемнің 30 елінен 200-ден астам компаниясын тартатын 13-ші «Тағам өнеркәсібі - WorldFood Kazakhstan 2010» халықаралық көрмесімен қатар өтпек.