деп хабарлады биржаның баспасөз қызметінен pm.kz сайтына.
«Біз «Халықтық ІРО» бағдарламасына әлеуетті қатысушыларға және инвесторларға арнап эмитенттер көрмесін дайындап жатырмыз»,- делінген хабарламада.
KASE биржасының бағдарлама бойынша ақпараттық-түсіндіру және оқыту іс-шараларын өткізіп жатқанын бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Қазіргі таңда биржа сайтында «Халықтық ІРО» арнайы парақшасы ашылып, онда бағдарламаға арналған ақпараттық ресурстарға сілтемелер орналастырылған.
Оған қоса, күнтізбеде инвесторлар үшін нарыққа қатысушылардың іс-шаралары мен анонстары орналастырылуда. Биржа сарапшылары БАҚ беттерінде бағдарлама бойынша түсіндірмелер беруде, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорымен бірлесіп ІРО бойынша семинарларға атсалысуда.
«Қазақстанның қор биржасы» АҚ «Халықтық IPO» бағдарламасы аясында акция сатып алуға өтінімдер қабылдап, өтінімдер кітабын құрастырады, Орталық депозитарийге биржаның сауда жүйесінде құнды қағаздар сатып алу үшін жасалған мәмілелер туралы ақпарат жібереді. Сондай-ақ, KASE инвесторлар мен эмитенттерге ақпараттық қолдау жасайды.