«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушы және Жеңіс күніне байланысты ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 1, 8 және 9 мамырда жұмыс істемейді.
«6 мамыр күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО қызметкерлері ғана жұмысқа шығады. Бұл күні олар азаматтарға сағат 13:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Мерекелерден кейін, 10 мамырда барлық халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегі кесте бойынша жұмысын жалғастырады», - делінген хабарламада.