Бұл туралы елордалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Жол полицейлерінің негізгі назары жүргізушілердің Жолда жүру ережесін бұзу әрекеттеріне жол бермеуге аударылады. Мәселен, рөлді бас күйінде басқарған, жаяу жүргіншілердің құқығын бұзған, жылдамдықты асырған, қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін елемеген көлік иелері анықталып, жауапкершілікке тартылатын болады.
«Онымен бірге, Жаңа жыл мерекесі атап өтілетін күндері Астана қаласының Ішкі істер департаменті Жол полициясы басқармасының құрамы халық көп шоғырланатын жерлерге барынша жұмылдырылатын болады», - делінген таратылған хабарламада.